«“Жол қауіпсіздігі” туралы қауіпсіздіктің алдын алу жұмыстары өткізілді


Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында іс әрекетіне байланысты. 18 қазан күні 2024 жылы мектебімізге Астана қаласы Есіл аудандық жол жүру департамент полиция капитаны Асылхан Жүзбаев келіп балаларды көшеде жүру ережесімен таныстырды. Жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа шақырды. «Жол қауіпсіздігі» байланысты алдын алу шаралары өткізілді. Бұл шара оқушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау және білім беру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар жол қозғалысы ережелері туралы ақпарат алды, сондай-ақ арнайы дайындалған видеороликтер мен презентациялар көрсетілді. Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілері балаларға жолда жүріс-тұрыс мәдениетін, қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, жолда қалай дұрыс жүру керектігін көрсетті.





🔗 Іс-шара материалдарының сілтемелері:
📹 Бейне 1
📹 Бейне 2