Мекен жайы: Астана қ. Ұлы дала даңғылы 41/1
Қолданысқа берілді: 2016 жыл
Жалпы ауданы – 16 504 ш.м.

Материалдық базасы:

  • Оқу кабинеті – 60
  • Класс кабинеті - 56
  • Зертханалық (арнайы кабинет) – 4
  • Спорт зал – 1
  • Хореография залы – 1
  • Мәжіліс залы -1
  • Мектеп асханасы – 1
  • Кітапхана – 1
  • Технология шеберханасы - 2
  • Мұражай – 1
  • Инклюзияны қолдау кабинеті – 1

Спорт зал

Хореография залы

Мектеп асханасы

Мәжіліс залы

Кітапхана

Технология шеберханасы

Мұражай

Инклюзияны қолдау кабинеті

Пәндер кабинеті

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар контингентіне сәйкес арнайы жағдайлар мен мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқу мен тәрбие үрдісінде толық қамтылу үшін мектеп ғимаратына кіргеннен бастап кедергісіз ортаның болуы қамтамасыз етілген.
1. Зағиптарға арналған браиль жазулары мен көру мүмкіндігі нашар адамдар есікті дәл табуға бағдар беретін, сезілетін символдар орнатылған. 2. Ғимараттағы қозғалыс жолындағы көру мүмкіндігі нашар адамдарға бағдарлау үшін арнайы тактильді жолақтар орнатылған. 3. Тактильді қабылдау үшін браиль шрифтімен белгілеу жабдықталған. 4. Арбадағы мүгедек адамдар үшін арнайы дәретхана бар: балдақ және басқа да керек-жарақтар арналған ілгек, санитарлық блокқа арналған тұтқалар, шақыру түймесі орналастырылған; 5. Қызмет көрсететін орындардың биіктігі мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай жасалған. 6. Мүгедек адамдар үшін қоңырау орнатылған. 7. Пандус бар 8. Баспалдақтардың бірінші, соңғы қатары сары түсті жолаққа боялған 9. Мүгедектер арбашасына арналған көтергіш-бірінші қабаттан үшінші қабатқа дейін орнатылған. 10. Баспалдақ қоршаулары (перила).

Мектеп-лицей қабырғасында қолайлы жағдайлар мен қауіпсіз орта құру мақсатында бейнебақылаумен қамтамасыз ету және «Терроризмге осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысының талаптарына сәйкес бейне бақылаумен және «Qazaq bilim» турникет жүйесімен қамтамасыз етілген. Мектеп ғимаратын бейне бақылаумен қамтамасыз ету мақсатында 132 камера оның 24 камерсы ЦОУ-ға қосылған. Видео камераларды орналастыру және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тиісті мекемелермен келісім шарт жасалды. Ғимаратқа кіруді бақылауды ұйымдастыру мақсатында турникеттер қойылған. Турникеттер «Qazaq bilim» жүйесімен жабдықталған. Бұл рұқсат етілмеген адамдардың мектепке кіруіне жол бермеуге ғана емес, сонымен қатар, келу және кету уақытын тіркеумен оқушылардың сабаққа қатысуын, жеке тіркеуді орнатуға мүмкіндік береді. Мектеп ғимаратының өрт сигнализациясында түтін мен жылу детекторлары қолданылады. Білім беру мекемесі дауыс зорайтқыш байланысымен және «101» пультіне тікелей келетін сигналмен АПС өрт сигнализациясының автоматтандырылған жүйесімен, сондай - ақ барлық өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Мектеп терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету үшін нормативтік құжаттармен жүйелі түрде жұмыс жасайды, білім беру мекемесінің қауіпсіздік паспорты, мәдени іс-шаралар ұзақтығының қауіпсіздік жоспарлары, апатты жағдайда ғимараттардан эвакуациялау жоспарлары әзірленді.
Оқушыларға алғашқы медициналық қызмет көрсетіледі, ЛОР, дерматолог, травматолог дәрігерлерінің қатысуымен медициналық тексеріс пен емдеу жүргізіледі. Жыл сайын Астана қаласы Санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен оқу ғимаратына санитарлық-эпидемиологиялық тексерісі жүргізіледі, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптардың сәйкестігіне шешім беріледі. Жыл сайын Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайы басқармасымен мектеп-лицей ғимараты, аумағының өрт-техникалық бақылау тексерісі жүргізіледі.

Терроризмге қарсы қауіпсіздік паспорты

бейнебақылауға қызмет көрсету шарты

жедел басқару орталықтарына (ЖБО) деректерді беру




Білім беру ұйымының ғимаратына кіруді бақылауды ұйымдастыру:

- кіруді бақылау және басқару жүйесі: турникет, тұлға бейнесін тану және карточка арқылы кіру;

- ескерту жүйесінің болуы: «дабыл түймесі»;

-күзет қызметі субъектілерінің болуы: күзет, вахтерлар, түнгі күзет.

Бейнебақылау жүйесіне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер ТОО "Qazaq vision" Келісім шарт №14 от 03.02.2024. Күзет қызметы "DI Security" келісім шарт № 31 от 15.01.2024. Дабыл түймесі ТОО "Охранное предприятие "Алмаз секьюрити". Келісім шарт №12 от 12.02.2024