Конкурс құжаттары «Педагогтерді жұмысқа қабылдау» НОБД сайтында https://hr-nobd.edu.kz сілтемесі арқылы қабылданады. Нұсқаулықтар https://hr-nobd.edu.kz/#/help-center/instructions

Мекенжайы: Астана қаласы Ұлы Дала 41/1 , байланыс телефоны +7 (7172) 99 66 17. 8 7011673609
Эл.почта Sh84@edu.kz


2024-2025 оқу жылына педагогтердің бос және уақытша бос лауазымдарына конкурс жариялау, шешімі және бұйрық


Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі /ҚР БҒМ 2012ж, 21.02. бұйрығының 106 тармағына сәйкес қабылданады/
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) Жеке медициналық кітапша Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейне презентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 мин. Ең төменгі ажыратылымдығы / с мин.разрешением/ -720 х 480;
11) Кандидат, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттарды ұсынады. ( сертификаттар,ғылыми, әдістемелік жариялындар, оқушы, мұғалім жетістіктері бойынша дәлелдемелер мен біліктілік санат көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным хат;
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Лауазымға /кандидатқа/қойылатын талаптар:
  • біліктілікке қойылатын талаптар:тиісті бейіні бойынша жоғары жәнежоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік білім;
  • категория: педагог- шебер, педагог-зерттеуші, педагог- сарапшы,педагог-модератор, педагог;