13.06.23ж. "Балауса-2023" жазғы сауықтыру лагерінің қатысушылары үшін мамандықтар әлеміне саяхатпен есте қаларлықтай ұйымдастырылды. Балалар таңғы сергіту жаттығуларын жасап, викториналық сұрақтарға жауап беріп, жаңылтпаштар айтып таңғы сергітуге қатысты. Кейін топтық "Болашаққа жоспар" атты шығармашылық шеңберде белсенді ойын ойнап, алдағы уақытта қандай маман болғысы келетінін, қандай іс-шараларда қатысқылары келетіні туралы пікірталасқа түсті. Балалардың ой-өрісін арттырып, армандарын іс жүзінде іске асыруына мүмкіндік беру мақсатында "KIDBURG" мамандықтар әлеміне саяхатқа бардық. "Abu Dhabi Plaza" ОСО-да орналасқан балалар алаңында 40-тан астам мамандықтар түрі бойынша ондаған маман балалармен жұмыс жасады. Оқушылар өздерінің ата-аналарының қандай маман екенін, қандай құрал-жабдықтармен жұмыс істейтінін қуана тамашалап, өз қолдарына алып, тәжірибе жасап көрді. Әсіресе дәрігер, аспаз, өрт сөндіруші мамандардың рөлін ойнаған оқушылар алған әсерлерімен жарыса бөлісіп, рефлексия сәтінде өте белсенді болды. Саяхат соңында әр балаға естелік сыйлықтар үлестіріліп, белсенді жетекшілер кері байланыс ұйымдастырды.