2022-2023 оқу жылы жетістіктерге толы болды. Түлектеріміздің Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері бойынша жалпы орташа ұпай - 85. Біздің түлектерге тиесілі білім гранттарының саны 60 пайызды құрайды. № 84 мектеп-лицейінің түлектері Назарбаев университеті, КИМЭП, КБТУ, ІТ университеті, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҒЗТУ, С.Асфендияров атындағы ҚазМУ, «Астана» Медицина университеті, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Т.Бигельдинов атындағы Жоғары әскери институты, М.Нарикбаев атындағы ҚазМЮУ, ҰҚК академиясы сонымен қатар, отандық және шетелдік жоғары оқу орындары студенттерінің қатарын толықтырды. № 84 мектеп-лицейінің ұстаздар қауымы шәкірттері үшін өте қуанышты және оларға сәттілік пен студенттік өмірде жаңа жетістіктер тілейді!