Шейх Халифа Бен Заид Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейінде 25-қазан – Республика күніне орай мерекелік сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 5-сынып оқушылары арасындағы белсенді, үлгілі, үздік оқушылардан құрылған 22 баладан тұратын жеке топты "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты мерекелік концертпен үйлестіре ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама барысында АӘД тобының қарулы сахналандырылған қойылымы, патриоттық әндер мен ұлттық рухты дәріптейтін патриоттың өлеңдер оқылды. Және де оқушылар өздері шығарған өлеңдерін, арнауларын оқып сахнаға шықты. Алдағы уақытта да "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау өз жалғасын табады. Бұл ұйымға қабылдануға лицейдің әр шәкірті лайықты екені лицей басшысының құттықтау сөзінде атап айтылды.