25.08.2023 елордамызда білім қызметкерлерінің дәстүрлі республикалық тамыз кеңесі өтті. Осы жылы “Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт” атты республикалық тамыз кеңесі алғаш рет жаңа форматта өтті. Конференция барысында мектепке дейінгі, орта, техникалық және мамандандырылған, қосымша, инклюзивты білім берудегі маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар бала құқығын қорғау, білім беру саласының сапасы мәселесі талқыланды.