Күн тәртібі:
1. №2 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы туралы.
- Мектеп директоры Нугуманова С.Б.
2. 2023-2024 оқу жылының 2-тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы
- ДОЖЖО: Камашева Г, Билялова А.
3. 2024 жылы педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа жүйесіне сай «Ұстаз» платформасының эксперименттік жобасына қатысу туралы және 2024 жылы аттестациядан өтетін педагогтердің тізімін бекіту.
- ДБҒЖЖО: Ж. Ныязбекова
4. «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ - білім сапасын арттырудың тиімді жолы» –тренинг
- ДТЖЖО: Назаров Е., ағылшын тілі пәні мұғалімдері Измуханова Л., Абилова С.
Бүгінгі кезекті педагогикалық кеңесте күн тәртібіндегі мәселелер талданып, талқыланды, тиісті шешімдер шығарылды. Аталған жұмыстармен қатар, «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ -білім сапасын арттырудың тиімді жолы" тақырыбында тренинг ұйымдастырылып, педагогтер осы тақырып төңірегінде ойларын ортаға салды. Тренингті ұйымдастырудағы басты мақсат білім сапасын көтеруде альфа ұрпақ өкілдерінің білімге деген құштарлығын қалай арттыруға болады және ол үшін педагогтер қандай бағытта ізденуі қажет деген сұрақтарға жауап табу болды. Сонымен қатар, сабақ процесінде ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ пен ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ КІРІКТІРУ арқылы педагог құзыреттілігін арттыруға байланысты құнды пікірлер айтылды.