2024 жылдың 4 қаңтары күні мектебімізге Астана қаласы «Әдістемелік орталық» МКҚК «Педагогтерді кәсіби дамыту» бөлімінің басшысы Рамазанова А.Е, әдіскерлер Құрмашев Д.М., Мырзагулова Г.Б. «Педагогтерді қолдау» жобасы аясында әдістемелік күн өткізді. Әдістемелік күн барысында педагогтерді қолдау жұмыстарын жүйелеу және педагогтердің біліктілік санаттарының статистикалық деректердегі ақпараттық мәліметтерінің нақты ақпараттарға сәйкестігін қалыптастыруға әдістемелік көмек көрсетілді. Педагогтер де аттестация бойынша өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.