Астана қаласы ТЖД Есіл ауданының төтенше жағдайлар басқармасы өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады. Қыс мезгілінің басталуымен пеш жағу, су ысыту, электр құрылғыларын қолдану маусымы қарқынды басталады. Сол себепті, тұрғындарды қауіптің алдын алуға шақырамыз. Шатырлардағы түтін арналары мен түтін құбырлары әрдайым тексерілмейді. Шатырдағы мұржаны әк ерітіндісімен ағарту керек, жарықтар мен зақымданған жерлерін бітеп, жиі тексеріп отыру керек.
Пештің есігінің алдында өлшемі 50х70 см болатын металл парақ бекітілуі керек. Пешті қатты отынмен жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға, сондай-ақ ағашты, киімді және т. б. кептіруге тыйым салынады.
Есіл ауданының төтенше жағдайлар басқармасының инспекторлық құрамы осындай қауіпті ірекеттерді анықтайды және оларды жоюды талап етеді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз! Егер Сіз өртке шалынсаңыз, маңайыңызда өрт болса, "101" немесе "112" телефондары арқылы өртке қарсы қызметті шақырыңыз.