2023-2024 оқу жылының 5-қазанынан бастап №84 мектеп-лицейінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы іске қосылды. Кабинетте ата-аналарға арналған педагогикалық қолдау аймағы және бүлдіршіндерге арналған жұмсақ аймақ жабдықталған. Кабинеттің ашылу салтанаты өткен сәттен бастап ата-аналар белсене келіп, жұмыс жандана түсті. Орталық жұмысының негізгі мақсаты рухани тәрбие мәдениетін дамыту арқылы қазақстандық балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету болып табылады. Орталықтың міндеттері:
- ұлттық құндылықтар негізінде ата-аналарға жүйелі психологиялық-педагогикалық білім беруді ұйымдастыру;
- Қазақстанның бақытты және табысты азаматтарын тәрбиелеу бойынша ата-аналардың құзыреттерін дамыту;
- позитивті тәрбие мәдениетін дамытуда әлеуметтік серіктестердің күш-жігерін біріктіру.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді