- Басты бет
-
«Азаматтық борышты өтеу - қасиетті парыз»
«Азаматтық борышты өтеу - қасиетті парыз»
Лицей білім алушылары арасында патриоттық рухты арттыру мақсатында, Есіл аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің офицері майор Акбаров Қайырбек Төлегенұлының қатысуымен жоғарғы сыныптар арасында «Азаматтық борышты өтеу - қасиетті парыз» тақырыбында үгіт нсихат жұмысы жүргізілді. Арнайы маман әскер қатарында қызмет атқару мен әскери оқу орындарына түсу жолдарын түсіндіріп, ер балалар мен қыз балалар арасындағы әскери міндеттің айырмашылығы, азаматтық борышты сезіне білудің маңыздылығы туралы мағлұмат берді. Білім алушылар мұқият тыңдап, өздеріне қызықты болған сауалдарына жауап алды.