"Балауса - 2023" лагерінің төртінші күні бой сергіту жаттығуларымен басталды. Кейін дүниежүзілік қауіпсіз азық-түлік өнімдерінің күніне орай оқушыларды дұрыс тамақтануға, денсаулыққа пайдалы өнімдерді тұтынуға бағыттаумен жалғасты. Денсаулыққа зиянды және пайдалы тағамдар туралы танымдық сұрақтар қойылып, әр топ денсаулыққа пайдалы өнімдердің суретін салып, ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты.Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аниматорлардың қатысуымен эстофеталық ойындар ұйымдастырылды және химиялық көрсетілімді тамашалады.