16.06.2023 ж. Мектеп жанындағы жазғы лагерьге келуші бүлдіршіндер спорт алаңына жиналып, таңғы сергіту жаттығуларын жасады. Бүлдіршіндермен бірге болған "Балауса - 2023" жазғы сауықтыру лагерінің соңғы күндері де таяп қалды. Соған орай "Балауса - 2023" жазғы сауықтыру лагері, лагерьмен қоштасу салтанатына орай ұйымдастырылған концерттік бағдарламалармен жалғасын тапты. Бүлдіршіндер "Өнер алаңында" өз өнерлерімен бөлісті. Бірі би билесе, бірі ән айтып өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етіп, көрермен бүлдіршіндерді бойларына дарыған таланттарымен тәнті етті. Әр топ атауларына сай ерекше киім үлгілерін ұсынып, шеберлік танытты. Концерттік бағдарлама соңында топтар мақтау қағаздарымен марапатталып, бүлдіршіндерімізге естелік сыйлықтар таратылды.