21.11.2023 ж. 7-11 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізілді. "Шипагер" отбасылық денсаулық орталығының маманы мен лицейіміздің медицина қызметкерлері жасөспірім қыздарға "Жыныстық тәрбие және ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында сұхбат ұйымдастырды. Диалог құру және жасөспірім қыздарға маңызды ақпаратты жеткізу үшін әңгімелесу барысында дәрігер жасөспірім қыздардың гигиенасы, етеккір циклі, ерте жыныстық қатынастың қауіптілігі, контрацепция әдістері, түсік жасау салдары туралы айтты. Қыздар мұқият тыңдап, қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап алды. Қыздар үшін өте қызықты және танымдық әңгіме өткізілді. Негізгі сұрақтарға акушер-гинеколог Хамитова Әсел жауап берді.
Бұл іс-шара қыз балалар арасында көптеген эмоциялар тудырды, қыздар басында ұялғанымен әңгімелесу соңында ризашылықтарын білдіріп, мұндай іс-шаралар жеткіншектер үшін қажет екенін, ер балаларға да осындай ашық пікір алаңын өткізуді ұсынатындарын айта кетті.