Бүгін, 05.06.2023ж. 1-4 бастауыш сынып оқушылары үшін мектеп жанындағы жазғы оқу-сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Көңідлі таңғы жаттығулармен басталып, белсенді аниматорлардың ойынымен жалғасқан іс шара азотпен жұмыс жасалған "Мультишоумен" аяқталды. Ашылу салтанатынан кейін балалар асфальтта сурет салып, топтық танымдық жұмыстар жасауға қатысты. Сонымен қатар «Art Hall» жобасына қатысып уақытты көңілді де танымды өткізуге мүмкіндік алды.