Бүгін, "Балауса - 2023" жазғы сауықтыру лагері еңселі елордамыздың төріндегі «Думан» ойын-сауық орталығына саяхат жасады. Ойын-сауық орталығындағы мұхитарал, «Джунгли» аниматроникстер театры, экзотариум-хайуанаттар бағын аралады. Теңіз әлемінің барлық сұлулығын көріп, түрлі балықтар мен тасбақалар, акулаларды қызықтап, су перілерінің қойылымын тамашалады."Джунгли» аниматроникстер театрына экскурсия қызықты болды.Гид-сапарсеріктің бастауымен Джунглидің жұмбақ үңгірлеріне саяхаттады. Мұнда қолтырауындарды, алып динозаврларды, биші көлбақаларды және горилланы кездестірді.Кішкентай бүлдіршіндер керемет қиял-ғажайып әлеміне енгендей сезім кешті.