Бүкіл әлемнің түрлі түске боялған, күз мезгілінің ерекше сұлулығын тамашалау мақсатында, Астана қаласы №84 мектеп-лицейінде 16.10-20.10.2023 ж. аралығында, 6-сыныптар арасында "Еркін фантазия әлемі" атты қолөнер көрме-байқауы өтті.
Бұл көрмеде оқушылардың әр түрлі күзгі табиғи материалдар мен күзгі жапырақтардан жасалған композициялар мен қолөнер жұмыстары және суреттер ұсынылды.
"Еркін фантазия әлемі" қолөнер көрме-байқауында ерекше жұмыстарымен:
I-орынға ие болған сыныптар: 6Ә, 6В, 6Б, 6Д
II- орынға ие болған сыныптар: 6Г, 6Е, 6Ж, 6А
III- орынға ие болған сыныптар: 6З, 6И, 6К,
Және барлық қатысушылар төмендегі номинациялар бойынша марапатталды:
1. "Күзгі вернисаж" (суреттер);
2. "Күзгі букет" (кептірілген жапырақтар мен гүлдердің қосымшасы);
3. "Ғажайыптар кереметі" (жеміс және көкөністерден жасалған қолөнер немесе табиғат сыйлықтарының құрамы);
4. «Күзгі икебано» (жапырақтар мен бұтақтар композициялары).
Жауапты мұғалімдер: Измуханова Л.А., Абдукаликова А.Т.