Fab Lab (Fabrication Laboratory) – цифрлық өндіріске арналған ең озық жабдықтары бар дүниежүзілік зертханалар желісі, ол кез келген идеяны дайын өнімге айналдыруға мүмкіндік береді. Лицейіміздің 6-сынып оқушылары жаңа технологиялардың ғажайып әлеміне экскурсияға қуана барды. Зертханалық жабдықтар: 3D принтер мен винил плоттер жас өреннің шынайы қызығушылығын тудырды. Fab Lab өкілі 3D принтердің құрылғысы туралы айтып, 3D басып шығару бойынша мастер-класс көрсетті. Білім алушыларға үш өлшемді басып шығару құрылғысының қалай жұмыс істейтінін көру әсіресе қызықты болды. Жас зерттеушілерге ұмытылмас әсер қалдырған винил плоттер де қағазға салынған кескінді дәл кескіндеп бәрін таңқалдырды.