Астана қаласы акімдігінің «Шейх Халифа Бен Заид Әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мекемесіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 2 тарау 5 тармағы негізінде Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес – №84 мектеп-лицейінің әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейту, мектептің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері;
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар.
Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.
Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын күтеміз.
Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады.
Қамқоршылық кеңесін құру туралы
Қамқоршылық кеңес туралы ереже
Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары
Қамқоршылық кеңестері
Қамқоршылық кеңестің мүшелері
Қамқоршылық кеңесінің 2024-2025 оқу жылындағы хаттамасы
Мекен жайы: Ұлы Дала 41/1
Байланыс номері: 8(7172)996617
Ресми сайты: https://sh84.edu.kz
Электрондық почта: Shl_ast84@mail.ru
Мектеп директоры: Нұгұманова Самал Ботақанқызы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Кайракбаева Алтынгуль Болатбековна