
Астана қаласы «Есіл» ауданы полиция басқармасының қызметкерлері 9-11 сынып оқушыларына арнап қауіпсіздік шараларын сақтау жолдары, қоғамдық орындардың мәдениетіне бағынудың маңызы, мереке күндері жүргізілетін рейдтық шаралардың мақсаты туралы әңгіме жүргізді. Жоғарғы буын оқушыларына Заң аясында, жас ерекшеліктеріне сай мағлұмат берілді. Сонымен қатар, патриоттық нақышта мектеп қабырғасында түсірілген бейне ролик назарларына ұсынылды.
Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалар ісі жөніндегі учаскелік инспектор, полиция майоры Мукушева Рабига Еркебаева әріптестерімен бірге жеке-жеке кіріп 8-сынып оқушыларымен сұхбат жүргізіп, құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында әңгіме жүргізді.