84 мектеп лицейінде Балақайлар мектебі курсының бүгінгі күнгі жоспары бойынша балалар мектеп кітапханасының жұмысымен, тәртібімен танысты “Кітапханашы мен оқырман” рөлдік ойынын ойнады. Сынып бөлмесінде 10 ға дейін тура және кері санап үйренді.
Қимыл қозғалыс ойындары арқылы бір бірімен жақын араласып достық орта нығая түсті. Балалар өте тез ортаға бейімделе бастады.
Мектепке келуге деген құлшыныстары күннен күнге артып келеді.