«Шейх Халифа бен Зайд әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейі» кітапханасы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітаппен жасырын кездесу» акциясын өткізді.
Көбінесе кітапханаға келген оқырмандар белгілі бір жанрдағы кітаптарды немесе мұқабасы мен аннотациясына қарап таңдайды. Сондықтан оқырмандардың мүдделерін әртараптандыру үшін, кітапханашылар «Жасырын кездесу» кітаптар акциясында түрлі жанрдағы кітаптарды қағазға орап жасырды.
Акцияның мақсаты: оқырмандарды оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылықты арттыру, қиялды дамыту, кітап оқу ды насихаттау арқылы оқушылардың бойына рухани құндылықтарды ұялату.