Лицейіміздің 9-сынып оқушылары арасында биология пәнінен "Біз болашақ дәрігерлерміз!" тақырыбында сайыс-сабақ өтті. Сайыстың мақсаты оқушыларды пәнге қызықтырып, адамның өмірінің қорғаушысы дәрігер мамандығына бағыттау. Сабақты ұйымдастырушы биология пәні мұғалімі, биология ғылымдарының магистрі Сулейменова Зуара Байгараевна. Сабақта оқушылар өз білімдерін көрсетіп, алғашқы көмек көрсетуге байланысты ситуациялық сұрақтарға жауап берді.