«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деп Әбіш Кекілбаев руаханият ордасының бағасын берген еді. Иә, дәуірден дәуірге, ғасырдан ғасырға адамзаттың жылнамасын жеткізіп, парасаттылық пен білімділіктің ордасына айналған кітапханалар руханияттың ордасы. Алайда, сананы компьютер билеген заманда кітапқұмар жастар сиреп барады. Сондықтан, жас ұрпақты кітап оқуға баулып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында №84 мектеп-лицейі кітапханасы 3 қазан күні «Коворкинг» орталығын ашты. Мектеп кітапханашысы алдымен орталықтың маңыздылығына тоқталып, балаларға берер мәні мен мазмұнын 5-6 сынып оқушыларына түсіндірді.