
№84 мектеп-лицейінде «Алтын күз» апталығы аясында ұйымдастырылған «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» атты өнер байқауы 3-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Байқауға әр сыныптың оқушылары мен ата-аналары бірлесе жұмыс жасап, өнер көрсету арқылы белсенді қатысты. Ұйымшылдықтары мен ерекше креативті идеялары арқылы оза шапқан талант иелері жүлдері орындар иеленді. Өзге қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.