2022 жылдың 20 мамыр күні 11а, ә,б,в,г сынып оқушыларына мектеп психологтарының ұйымдастыруымен «ҰБТ-ға сеніммен барамыз» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, мазасыздық, үрей, стрессті жеңуге жол көрсету,бойларына сенімділік орнату.
Тренинг барысында оқушыларға ҰБТға байланысты пайдалы ақпараттар мен кеңестер берілді. Сенімсіздік, мазасыздық, үрей, жағымсыз эмоциялардан арылту мақсатында бірнеше жаттығулар, тыныс алу гимнастикалары орындалды.