2023-2024 оқу жылының 9-қаңтары күні Шейх Халифа бен Зайд әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицей асханасында оқушылардың сапалы тамақтануын, сонымен қатар "Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында төмендегі комиссия мүшелерімен тексеріс өтті.
Тексеріске директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Кайракбаева. Қамқоршылар кеңесінің төрайымы А.Абишева және комиссия мүшесі В.Сын, директордың әкімшілік-шаруашылық орынбасары К.Дорбабаев , мектеп медбикесі Ұ.Жанабаева, әлеуметтік педагог А.Күзеубай тағыда басқа ата-аналар тексерді.
Мектеп асханасын тексеру барысында асхана тазалығы, санитарлық жағдайы, тамақтың сапасы тексерілді. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді. Асхананың тазалығы талапқа сай. Асхана қызметкерлері санитарлық гигиеналық нормаларды сақтайды. Бақылау тағамы, тәуліктік сақтау нормалары сақтаған. Дайын тағамдардың салмақтары талапқа сай. Күнделікті оқушыларға берілетін тамақ бекітілген ас мәзіріне сәйкес. Азық-түліктің таңбасы, сертификаттары бар. Шикізат өнімдері дұрыс сақталған. Асхана үстелдер мен асхана ыдыстары таза, талапқа сай.