07 ақпан күні №84 мектеп-лицей кітапханасында «Функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді тәсілдері» атты қалалық семинар аясында ұйымдастырылған «Оқуға құштар - мектеп» жобасы аясында 7-10 сыныптар оқушыларының қатысуымен «Библио- Батл» зияткерлік сайысы өтті. Сайыс кезінде оқушыларға оқыған кітаптарына байланысты "Сұрақ–жауап" ойыны, «Әдеби джем» рефлексиясы, Әдеби бірлестік"ойыны және " -Өзіңіздің сүйікті жазушыңызды табыңыз" ойыны өткізілді,оқушылар 4 топқа бөлініп, "Үздік оқырман" атануға сайысты.Әдебиет сабақтарында алған білімдерін бекіту, әдебиетке деген қызығушылықты ояту, оқуға, сөзге деген сүйіспеншілікті ояту; қызығушылықты дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету, ұжымшылдық сезімін қалыптастыру сайыс кезінде өз орыныдарын тапты деген ойдамыз.Қатысқан топтардың атаулары да өте ерекше болып табылды : "Отан"," Алаш","Юные читатели","Бірлік". "Жас оқырман" атағына ие болған "Алаш"тобы, бірінші орынға ие болған "Бірлік"тобы ,екінші орынға ие болған "Юные читатели",үшінші орынға "Отан"тобы иеленді.Байқау өте қызықты өтті, қатысушылар арасында салауатты бәсекелестік қалыптасып, өте мазмұнды сайыс болды.
