7-сынып ата-аналарына арналған «Өтпелі кезең: жасөспірім тәрбиесіндегі ерекшеліктер» тақырыбында жалпы жиналыс ұйымдастырылды. 7-сыныпта білім алушы жасөзпірімдер арасындағы буллинг, кибербуллинк, құқық бұзушылық мәселелерінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған жиналысқа «Есіл» ауданы полиция басқармасының өкілі, «Шипагер» отбасылық медициналық орталығының мамандары және мектеп әкімшілігі мен психологтары, әлеуметтік педагогтар қатысты. Мектеп мамандары тарапынан профилактикалық жұмыстардың нәтижесі туралы ауқымды ақпарат беріліп, арнайы мамандар тарапынан ақыл-кеңестер мен нұсқама ұсыныстар ата-ана назарына ұсынылды. Жиналыс соңында жеке-жеке сыныпішілік отырыстар ұйымдастырылып, өзара талқылап, кері байланыс жасауға мүмкіндік берілді.