23.11.2023ж. №84 мектеп-лицейінің өзін-өзі басқару тобын ұлықтау салтанатына арналған мерекелік жиын ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шараға лицей ұжымы мен жоғарғы сынып оқушылары жаппай қатысты. Жалпы сайлау нәтижесінде лицей Президенті болып сайланған 9 «А» сынып оқушысы Темірханов Әділхан Даниярұлы ант қабылдап, мектеп-лицей директоры Нугуманова Самал Ботаханқызының қолынан төсбелгі алды. Мектеп басшысы құрылған жаңа ұйымды құттықтап, алға қойған жоспарларына қолдау көрсететінін айтып, жігерлендірді. Сонымен қатар, өзін-өзі басқару ұйымы қатарына енген әр Министрлік өз тобымен шығып, жеке-жеке төсбелгілермен марапатталды. Өз жұмысын бастап кеткен жас өрендердің мақсаты биік, ынтасы жоғары команда болары сөзсіз! Лицей мүддесін белсенді түрде дамытады деп сенеміз!
Өзін-өзі басқарудың жаңа командасының құрамы:
Вице-Президента - Бердіқұл Диана 10 «Ә»
Министр "Атқару" - Қажықан Балжан 9 «А»
Министр "Азаматтық" - Криницын Ричард 8 «Д»
Министр "Жоба" - Агаева Захират 8 «Г»
Министр "Event" - Мәдениет Даяна 10 «В»
Министр "Медиа" - Әбдіғали Айжан 9 «А»
