Астана қаласы «Есіл» ауданы полиция басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 10-25 желтоқсан аралығында білім алушылармен дәрістер өткізілді. Есіл аудандық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Н.Н. Рахимова мен Есіл аудандық полиция басқармасының ЖПКБ ЮПБ полиция капитаны Тажбагамбетова Акмарал Байниетовна бірлесіп, жаңа жылдық мерекелер қарсаңында білім алушылармен "Пиротехника және пиротехникамен ойнау салдары" тақырыбында әңгіме жүргізілді. Әңгімеге 1-9 сынып оқушылары қатысты. Мереке қарсаңында пиротехниканы пайдалану салдарынан жазатайым оқиғалар саны күрт артып келеді. Көбінесе жазатайым оқиғалар жарылғыш заттарды дұрыс қолданбау салдарынан орын алады. Сондай-ақ, сапасыз өнімдерді пайдалану кезінде жазатайым оқиғалар орын алады. Кез келген пиротехникалық бұйымның өрт немесе жарақат алу қаупі бар. Сондықтан балаларға пиротехниканы қолдану кезіндегі қауіпсіздік бірінші кезекте адамға байланысты екенін жеткізу өте маңызды. Әңгімелесу барысында балалар жас ерекшеліктеріне сай түрлі ақпараттар мен заңнама аясындағы пиротехниканы пайдалану ережелерімен танысты.