"Психология- таңғажайып ғылым!" атты психологиялық апталықтың ашылуы басталды. Мақсаты: мұғалімдердің, оқушылардың психологиялық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасау. Оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға және нығайтуға ықпал ету.
Сонымен қатар, жас мамандарға арналған "Жас келсе, іске" атты тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты: жас мамандарға қолдау көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру және қарым-қатынастың белсенді стилін дамыту. Тренингке жас мамандар белсенді қатысты. Сонымен қатар мектеп басшысы С.Б.Нугуманова тарапынан, жастарға арнайы ұсыныстар айтылды.