25-қазан Республика күні қарсаңында «Алтын күз» апталығы ұйымдастырылып, 7-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында Квест ойыны өткізілді. Әр сыныптың ата-аналары мен оқушыларынан құрылған топтар алдымен мектеп ауласына жасырылған жұмбақтарды маршруттық негізде орындап сайысты, финал кезеңінде мектептің спорт залында әр түрлі мемлекетіміздің тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, арқан тартыс, санаспақ сынды спорттық сайыстарда күш сынасты. Үздік топ мүшелері лицей директорының грамотасымен марапатталып, өзге қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.