14.11.2023ж. Астана қаласы «Есіл» ауданы полиция басқармасының қызметкерлері 5-7 сынып оқушылары үшін арнайы тақырыптық ақпараттық сағат өткізді. ЖПҚБ ЮПБ Инспекторы, полиция лейтенанты Е.Б.Орынбеков пен Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі С.Н.Қасен оқушыларға жас ерекшелігіне сай «Терроризм және діни экстремизмге қарсы іс қимыл мен жолда жүру ережелері» тақырыбында лекция оқып, арнайы бейнебаян көрсетті.
Оқушылардың сауалдарына жауап беріп, қауіп қатердің алдын алу жолдары туралы қағидаттар мен заңнамалардан мысалдар келтірді. Білім алушылардың психологиялық және физеологиялық ерекшеліктеріне сай таңдалған ақпарат екі тілде ұсынылды.