22.11.2023ж. №84 мектеп-лицейінің 7-8 сынып оқушыларымен, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Мусабаева Эльмира Хасенқызы және Бикенова Алмагүл Фазылқызы, Ұлттық академиялық кітапханаға барып саяхат жасап келді. Оқушылар сирек кездесетін кітаптар залында болып, әртүрлі материалдардан жасалған кітаптарды көріп таңқалды. Кітапхана қызметкерлеріне сұрақ қойып, білгісі келген мәліметтеріне қанықты. Әбіш Кекілбаев залында болып, жазушының еңбегі мен өмір жолы, елге сіңірген еңбегі жайлы әңгімені қызыға тыңдады. Қазақ детектив жанрын қалыптастырушы Кемел Тоқаев залында жайлы орындарға отырып, жазушы туралы кітапхана қызметкерінің әңгімесін асқан ынтамен тыңдады.
Оқушылар Ұлттық академиялық кітапханадан жақсы әсер, көтеріңкі көңіл күймен қайтты. Кітап оқуға деген құштарлықтары артқандығы сөзсіз.