20-30 қараша аралығында «Жаратылыстану ғылымдары күнделікті өмірде» тақырыбындағы жаратылыстану бірлестігінің он күндігі өтуде. 20-қараша күні ашылу салтанаты ұйымдастырылып, кіреберістен бастап, барлық лицей ауқмағында викториналық сұрақтар қойылып, қызықты ақпарат постерлері ілініп, белсенділік танытқан қатысушыларға жемістер мен тәттілер үлестірілді. 2-аусым оқушылары үшін квест ойыны ұйымдастырылып, болашақта танысатын – химия, биология, жаһандық құзіреттілік сынды пәндер туралы мағлұмат берілді. Бірлестік мүшелері білім алушыларды онкүндікке белсенді қатысып, өздерінің интеллектуалдық білімін арттыруға шақырады.