25.11.23 күні мектебімізде “Жас маман мен тәлімгер қарым-қатынасы" тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Іс-шарада тәлімгерлер: Мусабаева Эльмира Хасеновна мен Жолдыбаева Ләззат Тулегеновна тәжірибесімен бөлісті. Оқушының сапалы оқуы үшін тиімді және белсенді оқуды ұйымдастырудағы әдіс түрлерімен таныстырды. «Бірлескен оқу парақшасы», «Мәтінді абзац бойынша болжай отырып оқыту», «РАФТ» әдістерін қолданудың жолдарын практикада көрсетті. Жас мамандар шеберлік сағатына белсене қатысты.