3 қаңтар күні мектебімізде "Жас мамандардың кәсіби бейімделуі" тақырыбында тренинг өтті. Тренингті жас маман тәлімгері, ағылшын тілі пәні мұғалімі, шебер мұғалім Жунусова Светлана Васильевна өткізді.
Тренингтің мақсаты: жас мамандардың өз мамандығын сүюіне, ортаға бейімделуіне, оқушылармен қарым-қатынас жасауда тиімді, қолайлы іс-әрекетті қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Тренинг барысында жас мамандар белсене жұмыс жасады, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.